Алматы теміржол вокзалының басшысы жұмысынан шеттетілді
Вокзал ұжымы қылмыс жасаған
Қазақстан темір жолы жеке кассада билеттерді заңсыз қайта сату фактілерін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
ҚТЖ-ға билеттерді заңсыз қайта сатумен байланысты жолаушылардан бірнеше рет шағым түсті, дейді компанияның баспасөз қызметі.
Алматы-1 теміржол вокзалында билеттерді қайта сатып алушылармен күрес аясында Қазақстан темір жолы қызметкерлері жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, өз тергеуін жүргізді. Нәтижесінде билеттерді заңсыз қайта сату және темір жол билеттерінің жасанды тапшылығын жасау фактілерін анықтады. Билеттерді қайта сату схемасына жеке касса қызметкерлері мен олардың делдалдары қатысқан, – дейді ҚТЖ.
Тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілді. Вокзал бастығы тергеу жүргізу кезеңінде лауазымынан шеттетілді. Оның атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы мәселе қаралады. Жеке кассаның жұмысы тоқтатылды. Осындай тексеру еліміздің барлық вокзалында жүргізіледі.