Мәселен, IT-саласында айлықтар арасындағы айырмашылық 58%-ді құрайды
2023 жылы Қазақстанда шетелдік меншік формасындағы кәсіпорындардағы орташа жалақы барлық меншік формасындағы компаниялардан 1,7 есе көп болып шықты. Яғни, 604,1 мың теңге мен 364,3 мың теңге (бұл шағын бизнесті ескермегенде), деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Data Hub сараптамалық telegram-каналы еңбекақылар арасында ең көп айырмашылық қай салада екенін анықтады. Айырмашылық әдетте айлық деңгейі ең жоғарылардың бірі саналатын тау-кен барлау саласында емес. Шетелдіктер аталған салада өз қызметкерлеріне орташа деңгейден тек 14%-ға жоғары (877,6 мың теңге мен 771 мың теңге) төлейді екен.
Ал жалақысы ең жоғары саналатын тағы бір сала - IT саласында айырмашылық 58%-ды құрайды (1,35 млн мен 857,1 мың теңге). Бірақ бұнда да еңбекақыларда ең жоғары айырмашылық емес.
Басылым мамандары, орта білім саласындағы айлықтарда ең үлкен айырмашылық барын анықтады.
Шетелдік кәсіпорындарда жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақыларында орташа деңгеймен 3,2 есе айырмашылық бар (1 млн теңге мен 316,5 мың теңге). Бірақ бұндай педагогтер үлесі өте төмен – 706,3 мың адамнан бар-жоғы 15 адам, - деп атап өтті сарапшылар.
Бұл мәліметтің барлығы Ұлттық статистика бюросынан алынды.