Қазақстандық фермерлер биыл мемлекеттен қандай көлемде қолдау алды
Қанша шаруаның бұл көмекпен қамтылғаны да белгілі болды
Қазақстандық фермерлер 2024 жылы 114,7 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау алды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі 14 бағыт бойынша шаруаларды мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп мәлімдеді АШМ.
Қазақстанда 270 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тіркелген, олардың 18 мыңнан астамы ірі заңды тұлғалар, қалғандары шағын және орта шаруа қожалықтары. Бүгінгі таңда мемлекеттік субсидиялау ақпараттық жүйесінде 90 мың белсенді пайдаланушы тіркелген, – дейді ведомство.
Мемлекеттік жүйенің іске қосылуы шаруаларды мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды 19%-дан 32,2%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Шағын және орта шаруа қожалықтары арасында мемлекеттік қолдау алушылар саны артып, мақұлданған өтініштердің 25 пайызы ғана ірі заңды тұлғалардан келеді.
«Жүйе сонымен қатар астықты сақтау, жинау және кептіру үшін арзандатылған дизель отынын үлестіру қызметін ұсынады. Дизель отыны қалдықтарын бөлу, жылжыту және есепке алудың барлық процесі автоматтандырылған», – делінген ақпаратта.
Бүгінгі таңда барлық өңірден 45 590 өтінім беріліп, 114,7 млрд теңгеге 20 739 өтінім мақұлданды. Қалған өтініштерді облыстық ауыл шаруашылығы басқармалары қарап жатыр. Бұл көрсеткіштер ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайтуға және сапасын арттыруға көмектесетін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мемлекеттік қолдау алу үдерісіне белсенді түрде қатысқанын көрсетеді.
Доллар қымбаттады: азық-түлік бағасы да аспандай ма? Ертең елордада дәстүрлі жәрмеңке басталады.