Halyq Uni логотип
×

Жарты трлн теңге тиімсіз жұмсалған: Үкіметтің есебін бекітуге 14 депутат қарсы болды

Мемлекеттің қарызы – 27,2 трлн теңге

 Дәурен Ерболат 21.06.2024 | 15:51
Жарты трлн теңге тиімсіз жұмсалған: Үкіметтің есебін бекітуге 14 депутат қарсы болды
фото: Halyq Uni

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Үкіметтің 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі мен Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысын қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 

Жиында Сенат депутаттары, Мәжілістегі AMANAT, Respublica, «Ауыл» партияларының фракциялары Үкімет есебін бекітуді қолдады. Бірақ «Қазақстан халық партиясы», «Ақжол» фракциялары есепті қабылдамады. Сондай-ақ Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының фракциясы дауыс беруден қалыс қалды. 

Сенаттан 48 депутат есепті жақтаса, бір депутат қалыс қалды. Жиынға қатысқан 94 депутаттың арасында: жақтағандар – 43, қалыс қалғаны – 7, қарсы – 14. Көпшілік дауыспен қаулы қабылданды, - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Осылайша, депутаттар Үкіметтің есебін қабылдады.

Жиында Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2023 жылы ЖІӨ 5,1%-ға өсіп, жылдық инфляция 2 есе төмендеп, 9,8% болғанын атап өтті.
•    Жалпы бюджет тапшылығы – 3,1 трлн теңге, ЖІӨ-нің 2,6%-ы.
•    Мемлекеттің қарызы – 27,2 трлн теңге, ЖІӨ-нің 22,8%-ы. 
•    Бюждетке 19 трлн теңге кіріс түскен, ал шығыс 22,4 трлн теңге болған. Игерілмеген қаражат – 73 млрд теңге.
•    Ұлттық қордағы қаржы – 60 млрд доллар. 
•    Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану көрсеткіші – 489 млрд теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама