Halyq Uni логотип
×

Доллар қымбаттады: азық-түлік бағасы да аспандай ма?

Тимур Сүлейменов теңгенің рубльге қатысты бағамы 1,5-2% әлсірегенін айтты

 Дәурен Ерболат 21.06.2024 | 14:39
Доллар қымбаттады: азық-түлік бағасы да аспандай ма?
көрнекі фото: Halyq Uni

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллардың қымбаттауы азық-түлік пен қызмет көрсету саласына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Парламенттің бірлескен отырысынан соң Ұлттық банк төрағасына «Елімізде доллардың қымбаттауы инфляцияға, азық-түлік пен қызмет көрсету бағасының қымбаттауына әсерін тигізе ме?» деген сұрақ қойылды.

Тимур Сүлейменов бұл жағдай инфляцияға әсер етпейтінін жеткізді.

«Менің ойымша жоқ. Біріншіден, (долларға шаққанда) теңге 1,5-2% әлсіреді. Бұл айтарлықтай құлдырау емес. Екіншіден, доллар ішкі инфляцияға қалай әсер ететінін түсіндірейін. Бүгінде барлығын доллармен сатып аламыз.

Мысалы, (тауарды) басқа курспен сатып алдық дейік. Алайда доллар бірден қымбаттады. Енді жоғары курспен (тауарды) сатып аламыз. Негізі бұл маған қойылатын сұрақ емес. Оған Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап беруге тиіс. Алайда олар берген деректерге сүйенсек, біз өзімізді (азық-түлікпен) қамтамасыз етіп отырмыз немесе соған жақынбыз. Қалған азық-түліктің бір бөлігін біз Ресейден жеткіземіз», - деді төраға.

Ұлттық банк басшысының пікірінше, Қазақстан көрші елден тауарларды көбінесе ұлттық валютада сатып алады.

Біз Ресеймен сауда жасағанда 88% жағдайда теңге мен рубльді пайдаланамыз. Сондықтан онда теңге-рубь бағамы маңызды. Сондықтан біз (доллар қымбаттауынан) тікелей әсер етеді деп күтпейміз, - деді Тимур Сүлейменов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама