Қарыз есептен шығарылады
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын алған жағдайда төлеуге тиіс жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуден босатылады. Бұл ақпаратты Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмірин «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында мәлімдеді.
Айта кетсек, бүгін өткен отырыста жаңа салық кодексінің жобасы таныстырылған болатын.
Азамат Әмриннің айтуынша, зейнетақының бір бөлігін алып, 10% жеке табыс салығын төлеуге тиістілердің қарызы есептен шығарылады.
Зейнетке шыққан кезде бұл салық есептелмейді. Жаңа норма 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, – деді вице-министр.