Halyq Uni логотип
×

Зейнетақы жинағының бір бөлігін алып қойғандар салықтан босатылады

Қарыз есептен шығарылады

 Еркеғали Болатұлы 21.06.2024 | 14:00
Зейнетақы жинағының бір бөлігін алып қойғандар салықтан босатылады
фото: Halyq Uni

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын алған жағдайда төлеуге тиіс жеке табыс салығын (ЖТС) төлеуден босатылады. Бұл ақпаратты Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмірин «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында мәлімдеді.

Айта кетсек, бүгін өткен отырыста жаңа салық кодексінің жобасы таныстырылған болатын.

Азамат Әмриннің айтуынша, зейнетақының бір бөлігін алып, 10% жеке табыс салығын төлеуге тиістілердің қарызы есептен шығарылады.

Зейнетке шыққан кезде бұл салық есептелмейді. Жаңа норма 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, – деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама