Halyq Uni логотип
×

«Табысы 7 мың теңге ғана». Сенатта «Қазақфильм» мен мемлекет қаржысы сөз болды

Прокатқа 14,5 млрд теңге бөлінгенмен, оның 4,8%-ы ғана ақталып отыр

 Дәурен Ерболат 21.06.2024 | 12:18
«Табысы 7 мың теңге ғана». Сенатта «Қазақфильм» мен мемлекет қаржысы сөз болды
Фото: Halyq Uni

Сенат депутаты Бекболат Орынбеков «Қазақфильм» АҚ-ға бюджеттен бөлінетін қаржының тиімсіз жұмсалатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаражатты пайдаланудың тиімсіздігі, оның ішінде көп жылдан бері келе жатқан отандық кинематография саласында үлкен проблемалар бар. 2016-2022 жылдары кезеңінде «Қазақфильм» АҚ-ға кино шығаруға және прокаттауға 14,5 млрд теңге бөлінгенмен, оның 4,8%-ы ғана ақталды, - деді Бекболат Орынбеков Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Сондай-ақ ол осы сөзіне мысалдар келтірді.

Мысалы, «Аруақ» фильміне 300 млн теңге жұмсалса, 7 мың теңге ғана табыс түскен. «Композитор» фильміне 1,2 млрд теңге бағытталса, оның табысы 400 мың теңге болды. Ұлттық киноны мемлекеттің қолдауы орталығы бойынша, 2019-2023 жылдардағы бюджеті – 6,7 млрд теңге, ал прокат соммасы – 1,1 млрд теңге. Өкінішке қарай осындай мысалдар өте көп.

Сондықтан мемлекеттік аудиторлардың есептері ескерілмейді деген күмән бар», - деді депутат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама