Halyq Uni логотип
×

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 196 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді

 Динара Амантай 18.06.2024 | 14:53
Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 196 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды
Фото: Halyq Uni

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 582,4 мың отбасы жалпы көлемі 196,2 млрд теңге мөлшерінде қамтылды. Оның ішінде мамырда 592,6 мың отбасына 40 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді.

2024 жылы:

  • 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7% артты.

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама