Halyq Uni логотип
×

14 млн теңге: Қызылорда облысында аудандық аурухана есепшілері 7 жылға сотталды

Жемқорлар жалған іссапар құжаттарын толтырумен айналысқан

 Динара Амантай 06.06.2022 | 12:22
14 млн теңге: Қызылорда облысында аудандық аурухана есепшілері 7 жылға сотталды
Фото: Halyq Uni

Қызылорда облысында Жаңақорған аудандық ауруханасының есепшілері аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚМА-ның Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің мәліметінше, аурухананың бас есепшісі қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, 2015-2019 жылдар аралығында жалған іссапар құжаттарын толтырған. Белгілі бір адамдарды тауып, олардың банк карталарына ақша аударған соң, оны өзі алып отырған.

Іске тексерулер мен сарапшылардың материалдары тіркеліп, сот-бухгалтерлік сараптама тағайындалды. Келтірілген шығын көлемі 14 миллион теңгеден асты. Аудандық аурухананың бұрынғы қызметкерлері М.Сатыбалдиева мен З.Шомантаева 2 жылға материалдық және қаржылық құжаттарға қол қою құқығына байланысты қызметпен айналысу құқығынсыз 7 жылға бас бостандығынан айырылды, – делінген хабарламада.

Іске қатысы бар үшінші тұлға М.Бөрісбаев 2 жылға сотталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама