Бүгін – Арапа күні, 16, 17, 18 маусым – Құрбан айт мерекесі
ҚМДБ төрағасы сатушылармен кездесіп, мал бағасын қолдан көтермеуді өтінді, хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Астанадағы базарларды аралап, сатушылармен кездесіп, оларды мал бағасын шарықтатпауға шақырды, дейді Muftyat.kz.
Халқымыздың жағдайын ескеріп, мал бағасына барынша жеңілдік жасауға шақырамын. Алла Тағала саудаларыңыздың берекесін берсін. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Құрбан айттың негізгі мәні – игі амал арқылы Алланың рақымына бөлену. Сіздерге де мал бағасына мейлінше жеңілдік жасап, игі амал жасауға мүмкіндік туып тұр. Алла ізгі ниетпен жасаған әрбір істеріңізге мол сауаптан жазсын, – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Құрбан айтта демалысын жоспарлап қойғандар кімді кінәлайды: Еңбек министрлігі, әлде мүфтият? Астанада құрбандық шалу орындары анықталды. Құрбан айтта астаналықтар автобуста тегін жүре алады. Құрбан айт: Бас мүфти кәсіпкерлерге үндеу жасады.