Бүгін мемлекетке 60 млн теңге қайтарылды
Ақсу қаласында прокурорлар құрылыс бөлімінің «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан объектілер үшін шамамен 500 млн теңгені негізсіз аударғанын анықтады.
Павлодар облысы прокуратурасының 14 маусымда жасаған мәлімдемесіне сүйенсек, тапсырыс беруші 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды іске асыратын мердігерлерге орындалмаған жұмыс түрлері үшін алдын ала төлем жасаған.
Бұл ретте құрылыс-монтаждау жұмыстары пайдалануға беру кестесінен 5 айға кейін қалып жүргізіліп жатыр.
Қадағалау актісі бойынша Ақсу қаласының әкімдігі артық төленген бюджет қаражатын қайтару бойынша наразылық талап қою жұмыстарын жүргізіп, бүгін мемлекетке 60 млн теңге қайтарылды.
Жол берілген бұзушылықтар үшін Ақсу қаласы әкімінің орынбасары тәртіптік жазаға тартылды. Ал құрылыс бөлімінің басшысы Әдеп жөніндегі кеңеспен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығаруға ұсынылды.