×

ЭКСПО ғимараты өзін толық ақтап жатқан жоқ – Әлихан Смайылов

Алдағы уақытта ЭКСПО ғимараттарына тексеру жүргізіледі

 Дәурен Ерболат 13.06.2024 | 14:34
Фото: Halyq Uni

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Астана қаласындағы ЭКСПО ғимараттары өзін толық ақтап жатпағанын және бұл мәселе бойынша тексеріс жүргізілетінін айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысынан БАҚ өкілдері Әлихан Смайыловқа «Астанада салынған ЭКСПО ғимараттары өзін ақтап жатыр ма? Өйткені, бұл ғимараттарды күтіп ұстау мен басқа шығындар бар» деп сұрақ қойды.

Қазір олардың табысы ұлғайды. Бірақ (ЭКСПО ғимараттары) өзін толық ақтап жатыр деп айта алмаймын», - деп жауап берді Әлихан Смайылов.

ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі Астана қаласында 2017 жылдың маусым – қыркүйек айларында өтті. ЭКСПО орталығы аумағында 16 ғимарат бар. Олардың жалпы ауданы 530 мың шаршы метрден асады.

Ranking.kz сарапшыларының мәліметінше, ЭКСПО көрмесін өткізуге бес жыл ішінде республикалық бюджеттен 543,53 млрд теңге бөлінген.

Республикалық бюджеттен ЭКСПО көрмесіне бөлінген қаражат:

  • 2013 жыл – 20,3 млрд теңге;
  • 2014 жыл – 46,1 млрд теңге;
  • 2015 жыл – 154,2 млрд теңге;
  • 2016 жыл –  276,2 млрд теңге;
  • 2017 жыл – 77,3 млрд теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама