Қазір елімізде бағдарлама көп, ішіндегі жастарға арналғаны қайсы
Осы және өзге де сұрақтар қамтылған Halyq Uni тілшісінің ресми сауалына Отбасы банк, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі жауап берді.
«Қазақстанның, оның ішінде Отбасы банктің барлық жүйесі, барлық жұмысы еліміздің жастарын қолдауға бағытталған», – дейді Отбасы банктің баспасөз хатшысы Наталья Кутина.
Расымен де, қазір 35 жасқа дейінгі жастар Қазақстанның көптеген ипотекалық бағдарламасына қатыса алады. Солардың қатарында «Жас мамандарға арналған өңірлік жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама», «Отау», «Жас отбасы», «Бақытты отбасы», «Наурыз», «7-20-25», «2-10-20», «5-10-20», «Жалдамалы тұрғын үй», «Жас ғалымдар», «Өз үйім», «Жасыл ипотека», «Жаңа баспана», «Әскери өнім», «Асыл мекен» мен тағы да басқа кәсіптік, жеңілдігі бар бағдарламалар бар. Бұған қоса, жастар екінші деңгейлік банктердің жеке ипотекалық бағдарламалары арқылы да баспаналы бола алады. Яғни, таңдау өте көп. Дегенмен, біз бүгін тек бірнешеуіне кеңірек тоқталамыз.
«ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМА»
Бастапқы жарнасы – 10%, жылдық мөлшерлемесі – 5/6%, мерзімі – 19 жылға дейін. Осындай шарттары арқылы тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін бұл бағдарлама жастар тарапынан сұранысқа ие. Бағдарлама жергілікті бюджет пен «Отбасы банк» АҚ-ның қоса қаржыландыруы есебінен (50/25% ара-қатынасы бойынша) жүзеге асып жатыр.
Аталған бағдарлама 2019 жылы Алматы қаласынан «Алматы жастары» атауымен бастау алып, бүгінде еліміздің 15 өңірінде жүзеге асу үстінде. Қалған 5 өңірде (Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары, Шымкент қаласы) бағдарламаны іске қосу пысықталып жатыр.
Жалпы алғанда, 2019-2024 жылдар аралығында жастарға 2 362 жеңілдетілген несие ұсынылды. Олардың негізі үлесі Астана (263) мен Алматы (1 172) қалаларын тиесілі.
«ОТАУ»
Сонымен қатар, барлық өңірде жастарға арналған «Отау» бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Қатысушылар – жұмыс істейтін жастар, жас отбасылар, тұрғын үй төлемдерін алушылар, банк салымшылары, моноқалалар, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары, оның ішінде жергілікті атқарушы органда кезекте тұрғандар. Несиелеу шарттары:
Қарыздың ең жоғары сомасы – Астана мен Алматы қалаларында тұрғын үй сатып алу кезінде - 30 млн теңге, қалған өңірлерде - 18 млн теңге. Қарыздың мақсаты – бастапқы тұрғын үйді, оның ішінде үлестік қатысу шарты бойынша сатылатын тұрғын үйді сатып алу. Тұрғын үйді таңдау және брондау Отбасы банкінің «Баспана маркет» платформасында жүзеге асырылады.
«ЖАС ОТБАСЫ»
Жуырда ғана некеге тұрғандарға қаражатты бір жыл жинаған жағдайда аралық заем бар-жоғы жылдық 6%-бен беріледі. Яғни, қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 6% (ЖТСМ 6,3% бастап 6,8% дейін). Несие сомасы: 100 000 000 теңгеге дейін. Кредит мерзімі: 6 жылдан 9 жылға дейін. Кепілзат: сатып алынғалы жатқан жылжымайтын мүлік. Заемның мақсаты:
Маңызды шарттары:
Артықшылықтары:
«ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУГЕ ҚҰҚЫҒЫ ЖОҚ ЖАЛДАМАЛЫ ТҰРҒЫН ҮЙ»
Коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған баспана, тұрғын үй комиссиясы шешімінің негізінде, өтініш берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен берiледi.
Бүгінгі таңда кез келген жастағы төмендегі санаттағы азаматтар тұрғын үй кезегінде тұрып, жалға берілетін баспананы коммуналдық тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз ала алады:
Олар тұрғын үй алу тізіміне тұрғылықты мекен-жайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе www.еgov.kz сайты арқылы тіркеле алады.
Арендалық баспана кезегіне тіркелу талаптары:
Азаматтар баспанамен тек кезек ретімен қамтылады. Тұрғын үйді жалдау мерзіміне келсек, азаматтар мен оның жалдау шартында көрсетілген отбасы мүшелері баспананың осы түріне мұқтаж болғанша, өмір бойы тұра алады.
Жалдау ақысы туралы айтсақ, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананы пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін жергілікті атқарушы орган белгілейді. Бұл сомаға коммуналдық қызметтер үшін төлемақы кірмейді. Коммуналдық қызметтер жеткізуші және пәтерде тұратын адам арасындағы жеке шартқа сәйкес, сондай-ақ электрмен жабдықтау қызметтері туралы жария келісімге сәйкес ұсынылады. Шарт белгісіз мерзіммен жасалады, оған өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Жалдамалы тұрғын үйді жекешелендіру жайлы сөз қозғасақ, бұл баспана 2017 жылдан бастап «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде жергілікті атқарушы органдарда баспана алуға кезекте тұрғандарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй саналады, – дейді мамандар.
Тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі заң жобасы шеңберінде (Мәжілістің қаралуында) халықтың әлеуметтік осал топтарына бұрын жалға берілген баспананы сатып алу құқығынсыз жекешелендіру құқығын беруге қолдау көрсетілді. Заң қабылданғаннан кейін осы тұрғын үйлер жекешелендірілуі мүмкін. Баспананы жекешелендіру тетігі мен шарттары заң қабылданғаннан кейін бекітілетін заңға тәуелді нормативтік актілерде көрсетіледі.
Қазақстанда қандай тиімді ипотекалық бағдарлама арқылы үй алуға болады. Су тасқыны: екі облыста жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосу мәселесі талқыланып жатыр.