Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе облысында 5,5 млрд теңгеге орнатылған бейнекамералар істемей тұр

Тендерге қатысқан компаниялар арасында дау туып, бірін-бірі сотқа сүйреген

 Еркеғали Болатұлы 13.06.2024 | 09:30
Ақтөбе облысында 5,5 млрд теңгеге орнатылған бейнекамералар істемей тұр
фото: avto-vykup-krasnodar.ru

Ақтөбе облысында қауіпсіздікті бақылау үшін орнатылған бейнекамералар екі жылдан бері істемей тұр. Құны 5,5 миллиард теңгеге бағаланған жоба жарты жолда тоқтап қалған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Әу баста Ақтөбе облысына 2,5 мың бейнекамера орнату жоспарланған. Шенеуніктер Ақтөбе қаласы мен 6 аудан орталығының және 3 ауылдың қуыс-қуысына дейін бақылаймыз деп жоспарлаған. Ол үшін облыс бюджетінен ақша да бөлінген.

Камералар бағандарға қондырыла бастағанмен, кейін ол іске қосылмай қалды. Тендерге қатысқан компаниялар арасында дау туып, бірін-бірі сотқа сүйреген. Соның кесірінен жұмыс тоқтап қалды дейді әкімдіктегілер.

5,5 миллиард теңгенің бейнебақылау камерасына қатысты іс Жоғарғы сотта қаралып, ақыры дауға нүкте қойылды. Енді тендерді алғашқы ұтқан мердігер жұмысын жалғастырмақ.

Жоғарғы сот осы істі қарап, бірінші қараған сот шешімін дұрыс деп шешіп отыр. Ал одан соң шешім шығарған Шымкент қаласының сот коллегиясын құптамады. Енді тендерді алғаш жеңген мердігер техникалық талаптарға сай, белгіленген уақытта бейнекамераларды толық қондырып, іске қосуы керек, – деді Ақтөбе облысы цифрлы технология басқармасының басшысы Әсет Отарбаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама