Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысында ауруханадан елде жоқ адамдардың шотына ақша аударылған

Қаржыландыруды есептеу жалғастырылған 87 адам анықталды

 Еркеғали Болатұлы 12.06.2024 | 14:14
Қарағанды облысында ауруханадан елде жоқ адамдардың шотына ақша аударылған
фото: Halyq Uni

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының прокуратурасы іс жүзінде жоқ адамдарға амбулаториялық-емханалық көмекке қаржы есептеу фактісін анықтады.

Тексеріс нәтижесінде бюджетке 7 миллион теңгеден астам сома қайтарылған.

Бұқар жырау ауданының прокуратурасы аудандық аурухананың соңғы 3 жылдағы қызметіне тексеру жүргізді. Осы тексеру барысында амбулаториялық-емханалық көмекке қаржыны заңсыз есептеумен байланысты өрескел бұзушылықтар анықталды.

Прокурорлар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен, алайда оларға азаматтардың жан басына шаққандағы кешенді стандарты бойынша қаржыландыруды есептеу жалғастырылған 87 адамды анықтады. Бұл бұзушылық бюджет қаражатын заңсыз пайдалануға жол берген, - деп мәлімдеді Қарағанды облысының прокуратурасы.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аудандық аурухана мемлекеттік бюджетке 7 млн теңгеден астам соманы қайтарды. Үш лауазымды тұлға тәртіптік, екі лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама