×

Кооператив төрағасы шаруашылықты дамытуға бөлінген 50 млн теңгені жымқырған

Субсидияны жалған ақпарат арқылы алған

 Еркеғали Болатұлы 12.06.2024 | 13:31
фото: Halyq Uni

Қаржы мониторингі агенттігі асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген мемлекет қаржысын жымқырғандарды анықтады.

2023 жылы Алматы облысының Ұйғыр ауданында ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы аналық қой басының саны және ұрықтандыру тәсілі туралы жалған ақпаратты қолдана отырып, 50 миллион теңге субсидия алған. Бұл сотқа дейін жүргізілген тергеу нәтижесінде белгілі болды.

Онымен қоймай, кооператив төрағасы өзінің қылмыстық табысын көбейту және заңдастыру мақсатында субсидиялау талаптарын ескермей, бөлінген мемлекет қаражатының бір бөлігін кооператив депозитіне аударып, түскен пайданы өз қажетіне жаратқан.

Сот үкімімен кооператив төрағасы мемлекет қаржысын жымқыру және қылмыстық пайданы заңдастыру бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама