Мемлекеттік сатып алудың күші жойылды
Ақмола облысында прокурорлар шамамен 400 млн теңге болатын бюджет қаржысының негізсіз жұмсалуына жол бермеді, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Целиноград ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметін талдап, веб-порталда Ақмола облысы мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы мен Талапкер ауылында және «Нұрлы» КҚ-да электрмен жабдықтау құрылысы бойынша инжиниринг қызметтерді сатып алуға 357 млн теңгенің ашық конкурсын жариялау бойынша 3 хабарландыру орналастырылғанын анықтады.
Алайда тапсырыс беруші объекті салу барысында жауапкершілікті дұрыс бөлмеген. Жобада техникалық жағынан күрделі объектілерді салу үшін инженерлік қызметтер көрсетілген, бірақ бұл жұмыс күрделі саналмайды.
Акт бойынша жалпы сомасы 357 млн теңге болатын сатып алулардың күші жойылды.
Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.