Halyq Uni логотип
×

Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталды

Ол Ақтау қаласының тұрғыны арқылы сотталушыдан қомақты пара алған

 Еркеғали Болатұлы 10.06.2024 | 12:40
Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталды
фото: Halyq Uni

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР ҚПК-нің 550-бабына сәйкес, Бас прокурормен келісілген сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі Ақтау қалалық сотының төрағасын ұстады.

Ол сенімді адамы – Ақтау қаласының тұрғыны арқылы сотталушыдан оған қатысты бас бостандығынан айырудан басқа жазаға үкім шығару сылтауымен 18 млн теңге көлемінде пара алған.

Жоғарыда аталған қылмысқа қатысушы қамауға алынып, Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама