Жалпы, 15,4 мың жұмысшының құқығы қорғалды
1 маусымдағы жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 145 кәсіпорнының 10,6 мың жұмысшыға 1,6 млрд теңгеден астам жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Сондай-ақ түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында 4,2 мыңға жуық еңбек құқығының бұзылуы анықталған.
Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 139 ұйғарым берілді және 17,7 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 8,9 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 895,6 млн теңге төленді, - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.
«1 маусымдағы деректер бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары 2 954 тексеру жүргізді. Оның барысында 4 197 бұзушылық анықталды.
Оның ішінде:
Жұмыс берушілерге 1 760 ұйғарым беріліп, 234,4 млн теңге сомасына 2 311 әкімшілік айыппұл салынды, - деп хабарлады ведомство.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 15,4 мың жұмысшының еңбек құқығы қорғалды.