×

Ақмола облысының 33 тұрғыны алаяқтардың арбауына түсті

Қылмыскерлер арасында өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырғандар да болыпты

 Қымбат Елтайқызы 08.06.2024 | 17:07
фото: Halyq Uni

Ақмола облысының 33 тұрғыны алаяқтардың арбауына түсті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Тағы да маркетплейстер арқылы тауар сатып алу, сондай-ақ қоңырау шалған ұялы байланыс операторларына сену арқылы азаматтар ақшасынан айырылды, деп мәлімдеді Ақмола облысының прокуратурасы.

Осы аптада белгісіз тұлға облыс тұрғынына телефон соғып, өзін ҰҚК қызметкерімін деп таныстырып, алаяқтық жолмен 750 мың теңге несие ресімдеген. Басқа бір жағдайда, OLX арқылы пәтер жалдағысы келген 3 адам алаяққа 115 000 теңге алдын ала төлем аударған. Қазіргі уақытта алаяқ анықталып, қамауға алынды, – дейді ведомство.

Облыс прокуратурасы сатушының сенімділігіне көз жеткізбей, тауардың толық төлемін аудармауға кеңес береді.

Қостанайда бомба туралы хабарлаған 9 жасар бала анықталды. Қарағанды облысында түрмеден қашып кеткен жазасын өтеуші тағы 2 жылға сотталуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама