ҰҚК «қызметкері» 6 млн теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Түркістан облысында өзін жұртқа ҰҚК қызметкерімін деп таныстырып, Экономикалық тергеу департаменті және ҰҚК-дегі тексеру жұмыстарын тоқтатамыз деген желеумен пара беруге итермелеген әйел ұсталды.
Ол 6 миллион теңге алып жатқан жерінде қолға түскен. Қылмыскерді құрықтауға Қаржы мониторингі агенттігінің, облыстық прокуратураның және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері қатысты.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.