×

Cенатор Кентау тұрғындарына үстемақы төлеуді ұсынды

Бүгінде арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр

 Дәурен Ерболат 06.06.2024 | 17:36
фото: bangkokbook.ru

Түркістан облысының Кентау қаласы экологиялық апат аймағы саналатын Арал теңізіне жақын орналасқан. Сондықтан ондағы тұрғындарға да үстемақы төлеу керек. Бұл туралы сенатор Мұрат Қадырбек айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Депутаттық сауал премьер-министр Олжас Бектеновке жолданды. Депутаттың айтуынша, 2016 жылдан бастап өңірдегі тұрғындар Кентау мен оның айналасындағы елді мекендерді экологиялық апат аймағы деп тануды ұсынып отыр.

Қазір Экологиялық кодекске сәйкес, Кентау қаласы мен оған іргелес елді мекендерді экологиялық апат аймағы деп жариялауды қарастыратын арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Түркістан облысының Кентау қаласы мен оған іргелес елді мекендердің аумағын экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймаққа кіргізу бойынша заңнамалық тиісті өзгерістер енгізу үшін нақты шаралар қабылдауы қажет, - деді Мұрат Қадырбек.

Сондай-ақ ол ондағы тұрғындарға үстемеақы төлеуді ұсынды.

«Құрметті Олжас Абайұлы, аталған аумақта жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлерге экологиялық аймақта тұрғаны үшін әлеуметтік аударымдармен қоса, республикалық бюджеттен 20% үстемақы қарастыру мәселесін шешуге ықпал етуіңізді сұраймыз», - деді депутат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама