×

Алматының спорт басқармасы қызметкерлері 56 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Антикордың хабарлауынша, қазір тергеу жалғасып жатыр

 Халық үні 06.06.2024 | 10:41
көрнекі фото: Halyq Uni

Алматы қаласы спорт басқармасының және оның ведомстволық бағынысты ұйымының қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын иемдену және ысырап ету фактісі бойынша Спорт басқармасы мен Олимпиадалық резервті даярлау орталығының бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Олар іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға жалақыны есептеу және төлеу арқылы 56 млн теңгеден астам ақша жымқыру бойынша күдікке ілінді.

Антикордың хабарлауынша, қазір тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама