×

Утильалымнан түскен қаржы экологияны жақсартуға жұмсалады – Роман Скляр

Бірінші вице-премьер утильалымға қарсы петицияға пікірін айтты

 Дәурен Ерболат 05.06.2024 | 17:16
коллаж: Halyq Uni

Қазақстанда утильалымға қарсы петиция жарияланып, оны Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қарайтын болды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр утильалымды жоюға қатысты бірнеше рет пікір білдіргенін, одан түскен қаржы экологияны жақсартуға жұмсалатынын айтты.

«Утильалым – жанама салық. Одан түскен қаржы «Жасыл даму» АҚ арқылы жұмсалады. Бұл салық болмаса, экологияға бюджет қаржысын жұмсауға тура келеді. Сондықтан (утильалым) салық болып есептеледі. Ешкім салық төлегенді ұнатпайды. Бірақ оны төлеу керек. Жұмсартып айтсақ, (утильалым есебінен) олигархтар байып жатыр деп айту дұрыс емес», - деді Роман Скляр Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Оның айтуынша, утильалымнан түскен қаржының қайда жұмсалып жатқанына «Жасыл даму» АҚ жауап береді.

Бұл қаржыны ұрлауға болмайды. Оны тиімді пайдалану керек, - деді Роман Скляр.

Еске салайық, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі утилизациялық алымға қарсы петицияны қарау үшін жұмыс тобының құрамын бекітті. Жұмыс тобына Парламент депутаттары, Өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Мәдениет және ақпарат вице-министрлері, Сыртқы істер министрінің орынбасары, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері енді

Серіктес жаңалықтары

Сараптама