Орталық 22 шілдеден бастап жұмысқа кіріспек
Қазақстанда қаржылық алаяқтықпен күресу үшін кейбір ақша аударымдарын бұғаттайтын алаяқтыққа қарсы орталық ашылады.
Ұлттық банктің мәліметінше, алаяқтыққа қарсы орталық технологиялық алаң болмақ. Оған қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары қосылады.
Платформада нақты уақыт режимінде қаржы нарығы субъектілері арасында жалған транзакциялар, оның ішінде тиісті белгілері бар күдікті транзакциялар туралы деректер алмасылып отырады, – делінген хабарламада.
Орталық 22 шілдеден бастап жұмысқа кіріспек. Міндеті – азаматтардың ақшалай қаражатын жалған транзакциялардан қорғау, алаяқтық операцияларды дер кезінде анықтау және бұғаттау.