Ал елге шетелден түскен ақша аударымдарының саны 0,8% азайған
Бүгінде Қазақстандықтар шетелге ай сайын көбірек ақша жіберіп жатыр.
Ұлттық банк мәліметінше, 2024 жылдың сәуір айында халықаралық ақша аударымдары жүйесі (ХААЖ) арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 67,8 млрд теңге сомасына 209,4 мың транзакцияны қамтыған.
Бұл ретте транзакциялардың жиынтық көлемі 2024 жылғы қаңтар-сәуір аралығында 759,4 мың, ал транзакциялар сомасы 243,9 млрд теңге болған. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 7,6% және 14% аз.
Сәуір айындағы жалпы саннан 65,8 млрд теңге сомасына 205,2 мың транзакция шетелге жіберілген.
2024 жылдың наурыз айымен салыстырғанда, жіберілген ақша аударымдарының саны 6,6% көбейсе, көлемі 11,1% артты, - деп хабарлады Ұлттық банк.
Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша көлемі бойынша алдыңғы қатарда мына елдер тұр:
Айта кетсек, Қазақстан аумағындағы аударымдар жалпы санның тек 2% және ақша аударымдарының жалпы сомасының 2,8%-ын қамтып отыр.
Қазір наурыз айымен салыстырғанда, шетелден түскен ақша аударымдарының саны 0,8% азайса, көлемі 2,8% өсті.
Шетелден түскен ақша аударымдарының көлемі бойынша алдыңғы қатардағы елдер: