Halyq Uni логотип
×

Алматыда газбен қамтитын компанияға 65 млн теңгеден аса айыппұл салынды

Компания уәкілетті орган бекіткен тарифтен артық кіріс алған

 Еркеғали Болатұлы 04.06.2024 | 14:24
Алматыда газбен қамтитын компанияға 65 млн теңгеден аса айыппұл салынды
фото: Halyq Uni

Алматыдағы газбен қамтамасыз ету компаниясына негізсіз табыс тапқаны үшін 65 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Осыған байланысты мыңдаған тұтынушыға өтемақы беру мақсатында арнайы тариф енгізіледі, деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасы.

Прокуратура мәліметінше, жеке компания газбен жабдықтау желілеріне қосу кезінде тұтынушылардың қаражаты есебінен инвестицияларды пропорционалды емес өтеу арқылы үстемақыны теріс пайдаланған.

Сондай-ақ компанияның табиғи монополиялар саласындағы уәкілетті орган бекіткен тарифтен асып кеткені, негізсіз кіріс алғаны белгілі болды, - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау кезінде кәсіпкерлік субъектіге Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 159, 164-баптары бойынша 65 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар 14 мыңнан астам тұтынушының құқығын қалпына келтіру мақсатында өтемақы тарифін енгізу туралы уәкілетті органға тапсырма берілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама