«Жетісу» футбол клубының директоры жемқорлық күдігіне ілінді
Қылмыстық әрекеттің басқа да эпизодтары тексеріліп жатыр
Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Жетісу футбол клубы» КМҚК директорын әшкереледі.
Ол 2022-2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды, - делінген хабарламада.
Қазір тергеу жалғасып, қылмыстық әрекеттің басқа да эпизодтары тексеріліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
️Ескерту: егер жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-ботына немесе 1424 нөміріне шұғыл хабарласуыңызға болады.