Halyq Uni логотип
×

ДСМ инсулин препаратының бір түрін тегін дәрі тізімінен алу себебін түсіндірді

Мамандар «бұл қаржы тапшылығына» байланысты дейді 

 Айнұр Шошаева 26.05.2024 | 14:09
ДСМ инсулин препаратының бір түрін тегін дәрі тізімінен алу себебін түсіндірді
фото: pixabay

Қазақстанда қант диабетімен ауыратын 498 841 динамикалық бақылауда тұр, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 5 743 бала бар, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі келесі жылдан бастап деглудек инсулинін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізімінен алып тастауды жоспарлап отырғанын жазған едік. «Диабеттік ата-аналар комитеті» қоғамдық қорының президенті Руслан Закиев аталған препарат елімізде 2015 жылы тіркеліп, 5 жылдан бері стационарларда қолданылып келетінін айтты. 2023 жылы деглудек инсулині тегін дәрілер тізіміне енгізілген. 

Менің бұған дейінгі жазған болжамым дәл келді. Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуден деглудек инсулинін толығымен алып тастауды жоспарлап отыр. Оны енгізу үшін 6 жылға жуық жүріп қол жеткізген едім. Бұл инсулинді қолданатын және оны өз есебінен сатып алуға мәжбүр болған науқастар бұған қуанды. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі басшылығының өзгеруімен пациенттердің мүдделері қажетсіз болып қалды, - деді ол.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, былтыр 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде ҚР Қаржы министрлігі 260 млрд теңге сомасына медициналық ұйымның қажеттілігі кезінде 2024 жылға арналған 002 «Нысаналы жарна» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 214,6 млрд теңге сома бөлген.

«Министрлік ақшалай қаражат тапшылығына байланысты ҚР ДСМ-нің 2023 жылғы 31 қазандағы №159 бұйрығымен енгізілген дәрілік заттарды алып тастау бөлігінде «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ - 75 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрықтың жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі. Бюджет қаражатының болмауына байланысты жобада 2024 жылғы 1 мамырдан бастап 2024 жылғы 20 наурыздағы жағдай бойынша, Бірыңғай дистрибьютор сатып алмаған 20 атауды (әртүрлі нозологиялардағы 22 позиция) (ТМККК шеңберінде 14 ДЗ және МӘМС жүйесінде 8 ДЗ) алып тастау көзделген», – деді министрлікте.

Сондай-ақ, ведомство 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Жоба 2024 жылғы 20 наурызға дейін сатып алынған 18 атауды алып тастайтынын, соның ішінде деглудек инсулині барын атап өтті.

Қазір жоба Әділет министрлігінде келісілуде. Қаржы министрілігі республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі болған жағдайда қосымша бюджет қаражатын бөлу арқылы инсулин деглудек препараты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесіне енгізіледі, - деп қосты министрлік.

Бұған қоса, министрлік 2024 жылға медициналық ұйымдар 1,49 млрд теңге сомасына 274 485 шприц-қалам, оның ішінде стационарлық деңгейде 2 109 шприц-қалам және амбулаториялық деңгейде 272 376 шприц-қалам мөлшерінде деглудек инсулині қажеттілігін ұсынғанын атап өтті. Алайда, бірыңғай дистрибьютор 855,4 млн теңге сомасына 158 780 шприц-қалам мөлшерінде Тресиба® ФлексТач® сауда атауымен деглудек инсулинын сатып алған. Бүгін елімізде қант диабетімен диспансерлік тіркеуде тұрған науқастарды қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне қант диабетін емдеуге арналған инсулиннің 10 атауы енгізілген.

«2022 жылы динамикалық бақылауда тұрған пациенттер 13,6 млрд теңге сомасына, 2023 жылы 14,9 млрд теңге сомасына инсулиндермен қамтамасыз етілді және 2024 жылға 16,9 млрд теңге сомасына қамтамасыз ету жоспарланған. 2024 жылы инсулин деглудекпен 2024 жылдың соңына дейін 855 млн теңге сомасына 13 230 пациент қамтамасыз етіледі», - делінген жауапта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама