Сенатор заңға енгізілген негізгі нормаларды түсіндірді
Алдағы уақытта жеке тұлғаның қаржы ұйымдарынан алатын несиесінің көлемі 3,7 млн теңгеден асатын болса, ол жұбайының рұқсатын алуға міндеттеледі. Бұл туралы Сенат депутаты Сергей Карплюк айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бүгін Сенат депутаттары қазақстандықтардың шамадан тыс кредит алуын төмендетуді көздейтін заңды Мәжіліске қайтарды.
Заңға енгізілген негізгі нормаларды Сергей Карплюк түсіндірді.
Енді ерлі-зайыпты кредит алуды жоспарласа, 3,7 млн теңге несие (1 мың АЕК, 1 АЕК – 3 692 теңге) алған жағдайда, екеуінің де келісімі керек. Cондай-ақ кредитті төлеу мерзімін 90 күннен кешіктірсеңіз, онда сізге банк те, микроқаржылық ұйым да несие бермейді. Бұл шаралардың барлығы халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендетуге бағытталған, - деді депутат.
Сенатордың Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов толықтырды.
«Біріншіден, сенатор Сергей Карплюк айтқандай, (несиенің сомасын) нормативті-құқықтық актінің аясында 1 мың АЕК (1 АЕК – 3 692 мың теңге, 3 млн 692 мың теңге) деңгейінде болуы керек деп анықтадық. Бұл – шамамен 3,7 млн теңге. Біздің ойымызша, бұл сома қандай да бір шұғыл қажеттілікті жабуға жетеді. Оның ішінде медициналық көмек мәселесін де шеше алады.
Екіншіден, неге 1 мың АЕК деп көрсеттік. Салық кодексі аясында 2025 жылдан бастап «Қазақстанның барлық азаматы 1 мың айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын активін табыс декларациясында көрсетуі керек» деген норма күшіне енеді. Оның ішінде шетелдік банктердегі есепшоттарда сақталған қаржы да бар. 1 мың АЕК міндетті түрде декларацияда көрсетілуі керек. Келісім (несиенің мөлшері) 1 мың АЕК-тен (3,7 млн теңге) асқанда керек», - деді төрағаның орынбасары.