Абай облысында прокуратура 800 млн теңге болатын конкурстың күшін жойды
Қаржы көшелерді жөндеуге арналған
Абай облысында прокуратура құны 800 млн теңгеден асатын конкурстың күшін жойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық прокуратура мәліметінше, Үржар ауданының прокуратурасы Үржар, Мақаншы және Қабанбай ауылдарының көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына жарияланған жалпы сомасы 803 млн теңге болатын мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойған.
Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік сатып алуды тиісті ведомстволық сараптамасыз өткізбек болған («Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 21-бабы 2-тармағы 2-тармақшасына сәйкес).
Қазір жергілікті атқарушы органмен заң талаптарына сәйкес конкурстық құжаттаманы өткізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.