Жарты триллион теңгеге жуық мемлекет қаржысы орынсыз жұмсалған
Өткен жылмен салыстырғанда, бюджетті тиімсіз пайдалану көрсеткіші артқан
2023 жылы Қазақстанда жарты триллион теңгеге жуық мемлекет қаржысы орынсыз жұмсалған. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Нұрлан Нұржанов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Бүгін Мәжілісте «2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» Үкіметтің есебі тыңдалды.
Үкіметтің деректері мен барлық мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы жүргізген тексерулердің нәтижесіне сәйкес, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы 2022 жылмен салыстырғанда 16% ұлғайып, 489 млрд теңге болды.
Бұдан бөлек, Жоғары аудиторлық палата республикалық бюджеттің атқарылуына жүргізілген кейінгі бағалау нәтижесі бойынша бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану, сондай-ақ 537 млрд теңгеге бюджет бағдарламаларын тиімсіз басқару болғанын анықтады», - деді Нұрлан Нұржанов.