Барлық депутаттан біздің бастамаларымызды қолдауды сұраймын, - деді ол
Бүгін Сенатта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы аясында еңбек қатынастарын жариялау жоспарлары туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, бұл адамдарға «мансаптық өсу» мүмкіндігін береді.
Светлана Жақыпова 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның жалпыға бірдей декларацияға көшуі керек екенін еске салды.
Біздің ЖІӨ құрылымында қазір жалақы 30 пайызды қамтып отыр. Егер көлеңкелі экономика бүгін цифрлармен расталса, біз сіздермен бірге 60 пайызды қалай қамтамасыз ете аламыз? Мысалы, 2022 жылы ЖІӨ 31 трлн теңге болды. Оның 10 пайызы зейнетақы қорына түсуі керек еді. Яғни 3 триллион теңге түсуге тиіс болса, 1,6 триллион теңге ғана түсті. Сондықтан біз еңбек қатынастары туралы декларацияны, яғни «мансаптық өсу» қағидаттары бар кадрлық декларацияны қарастыру қажет деп бастама көтеріп отырмыз, - деді ол.
Оның айтуынша, мұндай шара Қазақстанның адами капиталына оң әсер етеді.
Егер штаттық кестеде әрбір орын жеке қызметкерге бекітіліп, ол оқытылатын болса, бізде ұлттық біліктілік жүйесі, тану орталықтары жүйесі бар екенін көреміз. Бұл нәрселер дайындалып қойған және біз жақын арада бұл мәселелермен заңнамалық тұрғыда жұмыс істедік. Барлық депутаттан біздің бастамаларымызды қолдауды сұраймын, - деді министр.
Оның айтуынша, кадрлық декларацияны тікелей Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жүйелерінен электронды еңбек келісімшарттарымен, ал біліктілікті министрлік жүйелерінен растау қажет.
«Егер жұмыс беруші өз қызметкерлерін оқытып, аттестациядан өткізетін болса, онда мұндай кәсіпорындарға мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысқаны үшін қосымша бонустар берілуі мүмкін. Құрылған және адами капиталды дамытуға инвестиция салмайтын, өз қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттырмаған кәсіпорындар мемлекеттік сатып алуларға қол жеткізе алмайды және сол арқылы мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне тың серпін береді», - деп түйіндеді сөзін Светлана Жақыпова.