Әуежай 15 маусымнан бастап алғашқы рейстерді қабылдайды
Қазір ШҚО-дағы Үржар ауылында 8 миллиард теңге бөлінген әуежай жаңғыртылып жатыр. Ондағы ұшып-қону жолақтарының ұзындығы 2 шақырымға дейін ұзартылған.
Мамандардың айтуынша, ауылдағы жаңа әуежайда енді үлкен ұшақтырды да қабылдауға болады. Бір мезетте екі әуе кемесіне дейін ұшып-қонып, нысан тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеуге мүмкіндік алады деп жоспарланған.
Сонымен, әуежай 15 маусымнан бастап алғашқы рейстерді қабылдайтын болды. Сол арқылы биыл Алакөлге баратын туристерге қатынау жеңілдеуге тиіс.
«Bombardier» деген ұшақтар бар. Онымен бір рейсте 90-100 адамға дейін келеді. Сондай-ақ ультродыбысты «SRG-200» ұшағы мен реактивті ұшақтар қабылдауға жұмыс жүргізіп жатырмыз. Олар бізге өздерінің келісімдерін берді, - дейді Үржар ауданы әкімінің орынбасары Дидар Хамитов.
Оның айтуынша, енді биылдан бастап ауылда коммерциялық рейстер пайда болады.