Halyq Uni логотип
×

Қостанай облысында 161 млн субсидия қаражатын жымқырғандар анықталды

Іс сотқа жолданды

 Халық үні 29.12.2021 | 16:08
Қостанай облысында 161 млн субсидия қаражатын жымқырғандар анықталды
фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Қостанай облысында ЖШС басшысының қатысуымен тұлғалар тобы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 161 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Олар 2018 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде бұл әрекетін аграрлық-өнеркәсіптік кешен субъектілеріне жайылымдарды суландыруға арналған инвестициялық шығындардың бір бөлігін облыстың шаруа қожалықтарының басшыларын алдау жолымен жүзеге асырған. 

Іс жүзінде ЖШС басшысы күн панельдерінің бір жиынтығының бағасын 94,4%-ға, яғни екі есеге арттырған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама