Дерек халықаралық зерттеу ұйымынан алынды
Жыл сайын елімізден 16,7 млрд доллар заңсыз шығарылады. Бұл туралы Сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Депутат Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаражаттың көлемі айтарлықтай деңгейге жеткенін атап өтті.
Әлем бойынша заңсыз қаражат қозғалысын бақылайтын Global Financial Integrity (GFI) халықаралық зерттеу ұйымының жыл сайынғы есебін қарайық. Ондағы дерекке сәйкес, Қазақстаннан жылына орта есеппен 16,7 млрд доллар заңсыз әкетіледі. Еліміз 148 дамушы елдің арасында 11-орында тұр, - деді Сұлтанбек Мәкежанов Сенатта өткен «Капиталды заңсыз әкетудің алдын алу мақсатында валюталық реттеуді іске асыру» дөңгелек үстелінде.
Бұған дейін мемлекетке тағы 40 млрд теңгенің қайтарылғаны хабарланған еді.