×

БЖЗҚ 68 млрд теңгеден аса қаржыны қайтарып алмақ

20 мамырда БЖЗҚ-ға 899,5 млн теңгеден астам қаржы аударылған

 Еркеғали Болатұлы 02.06.2022 | 13:46
фото: ашық дереккөз

Проблемалық эмитенттер БЖЗҚ-ға 68 млрд теңгеден аса қарыз болған.

LS басылымының ресми сауалына жауап ретінде зейнетақы қоры осы жылдың 19 мамырынан бастап қаржы құралдары зейнетақы активтерінің құрамына кіретін дефолтқа жол берген 18 эмитентке қатысты борышты қайтару жұмыстарымен айналысып жатқанын хабарлады.

Олардың жалпы үлесі БЖЗҚ қоржыны көлемінде 0,55% болып отыр.

Қорда борышкерлер шартты түрде төмендегідей 3 топқа бөлінеді:

1. Оған қатысты оңалту рәсімі қолданылған жалғыз эмитент: «Имсталькон» – 3 млрд теңгеден астам.

2. Талап-арыз жұмысы/атқарушылық іс жүргізу жүзеге асырылатын эмитенттер: «Альтернативные финансы», «РЭМИКС-Р», «Казнефтехим», «Астана-Недвижимость», «Құрылыс материалдары мен конструкциялары комбинаты-2», Mineral Resourses of Central Asia, «ТЕМА Ко», HOMEBROKER, «Төрт-Құдық» байыту комбинаты, «АПК-Инвест» корпорациясы, «ҚазЭкспортАстық» холдингі, «Атамекен Агро». Қарыз – 44,4 млрд теңге.

3. Оларға қатысты банкроттық/мәжбүрлеп тарату рәсімі жүзеге асырылатын эмитенттер: «Валют-Транзит-Банк», GLOTUR, Qazaq Banki, «Эксимбанк Қазақстан», «РОСА». Бұл топ берешегінің жалпы сомасы шамамен 21,1 млрд теңге.

Сондай-ақ қор БЖЗҚ-ның бұрынғы төрағасы Руслан Ерденаев пен «Бузгул Аурум» ісі бойынша 5 млрд теңгені қайтару туралы мәселеге түсініктеме берді.

Соңғы мәліметке сүйенсек, 20 мамырда БЖЗҚ-ға 899,5 млн теңгеден астам қаржы аударылған. Алайда осы уақытқа дейін қарыз толық көлемде өндірілмей жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама