×

«Еңбек» мекемесі мемлекеттік сатып алу кезінде тауарларды 10 есе қымбатқа бағалаған

«Әділдік жолы» мамандары 8 миллиард теңгені үнемдеді

 Динара Амантай 17.04.2024 | 11:22
Фото: Halyq Uni

Мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында жоспарлау кезінде тауарлардың құнын арттыру мәселесі өзекті болып отыр. Бұл туралы «Әділдік жолы» РҚБ Астана қаласы бойынша филиалының жетекшісі Дархан Құлжамбеков айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Маманның айтуынша, мемлекеттік сатып алу порталын мониторингтеу аясында РҚБ сарапшылары ІІМ ҚАЖК «Еңбек» ШЖҚ РМК қызметінде заңнаманың бұзылғанын анықтаған.

Атап айтқанда, биыл наурызда «Еңбек» ШЖҚ РМК 9 млрд 202 млн 793 мың 136 теңгеге тауарларды (қосалқы мердігерлік жұмыстарға арналған шикізат пен материалдарды) сатып алуды, сондай-ақ 22 млн 865 мың 735 теңгеге тоқылған матаны сатып алуды жоспарлаған. Аталған тауарлар құнының бірнеше есе жоғары бағаланғаны анық. Сондықтан біз осы жағдайға байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігіне жүгіндік, – деді Дархан Құлжамбеков.

Бірлескен жұмыстың нәтижесінде «Еңбек» ШЖҚ РМК жоспарлары түзетілді: 9 млрд 202 млн 793 мың 136 теңгеден 920 млн 279 мың 313 теңгеге және 22 млн 865 мың 735 теңгеден 2 млн 286 мың 573 теңгеге түсірілді. Осының арқасында 8 млрд 303 млн 92 мың 983 теңге үнемделді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама