Ақтөбеде 300 мың теңге пара алған мектеп директоры жеті жылға сотталды
Ол бірнеше рет пара алды деп айыпталған
Ақтөбеде жалпы білім беретін мектептің басшысы оқу орнына жұмысқа қабылдау үшін ақша алған.
Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, №71 мектеп директорының міндетін атқарушы бірнеше рет пара алды деп айыпталған.
Алдымен жұмысқа орналасуға жәрдемдескені үшін 200 мың теңге, содан кейін тағы жүз мың теңге алған. Сот оны мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Шешім қабылдау барысында сыбайлас жемқорлық қылмысының ауыр екені, сондай-ақ сотталушының жас балалары бар екені ескерілді.