Halyq Uni логотип
×

Астаналық салық қызметкерінің үйінен 129 млн теңге табылды

Соңғы рет ол кәсіпкерден 3,6 миллион теңге көлемінде пара алған

 Еркеғали Болатұлы 10.04.2024 | 16:47
Астаналық салық қызметкерінің үйінен 129 млн теңге табылды
фото: Halyq Uni

Астанада аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен елордалық мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы ҚҚС аудиті бөлімінің басшысы ұсталды.

Антикордың ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде 130 миллион теңгеге жуық ақша табылған. Оның заңдылығы анықталып жатыр.

Ол кәсіпкерлік субъектісінен 36 милллион теңге сомасында ҚҚС-ны қайтару туралы оң шешім қабылдағаны үшін 3,6 миллион теңге көлемінде пара алған. Тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту барысында 129,4 миллион теңге тәркіленді. Заңдылық және олардың шығу тегінің негізділігі тексеріліп жатыр, - деді Данияр Биғайдаров.

Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама