×

Антикор мен прокуратура әлі үнсіз: ШҚО-да ауыл паркін жөндеуге 12 млрд теңге бөлінген

Мемлекеттік сатып алу сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, әкімдік Жеңістің 75 жылдығына арналған монумент аумағын абаттандырмақ болған

 Ая Өміртай 05.04.2024 | 16:30

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма ауылында теңдесі жоқ жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Аумағы 53, 434 шаршы метр болатын ескерткіш аумағын абаттандыру жұмысына 12 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Мемлекеттік сатып алу сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, әкімдік Жеңістің 75 жылдығына арналған монумент аумағын абаттандырмақ болған.

Қазір ескерткіштің екі жағынан екі шұңқыр қазылып, инженерлік желілер тартылған. Қазылған шұңқыр қоршалмаған, яғни қауіпсіздік талаптары сақталмаған.

«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы жетекшісі Әділ Пішенов өте қомақты мемлекеттік сатып алу бойынша қандай заңбұзушылық болғанын сұрап көрдік. Сарапшының айтуынша, аталған сатып алуда жемқорлық тәуекелдері бар әрі шағын парк үшін жоспарланған қаржы асыра бағаланған. 

«Әділдік жолы» өкілдері Антикор мен Бас прокуратураға заңбұзушылықтар бары жайлы қаңтар айында шағымданған. Алайда құзырлы органдар тарапынан тексеру жұмыстары басталғаны/басталмағаны жөнінде нақтиы жауап келмеген.

«Халықтың ақшасы» жобасы мемлекеттік сатып алу бойынша негізсіз сатып алуларды «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірге назарда ұстайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама