×

Павлодар облысында жемқорлар шамамен 120 млн теңге жымқырған

Жыл басынан бері өңірде жемқорлық пен парақорлықтың 30-ға жуық дерегі анықталды

 Дәурен Ерболат 05.04.2024 | 11:40
Фото: Halyq Uni

Биыл Павлодар облысында жемқорлар шамамен 120 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырған. Бұл туралы Антикордың өңірдегі басқарма басшысы Медет Әміралинов айтты, деп хабарлады Pavlodarnews.kz тілшісі.

Биыл бірінші тоқсанда департамент 28 қылмыстың бетін ашты. Оның ішінде парақорлық фактісі бойынша 15 қылмыс, бюджет қаражатын ұрлау бойынша 10 қылмыс тіркелді. Жалпы, осы істер бойынша қылмыскерлер 117 млн теңгені жымқырған. Жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке 18 адам ілінді, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқарма басшысы.

Оның айтуынша, олардың арасында «Ертіс орманы» резерватының басшысы да бар. Бұдан бөлек, бұл резерватта 5 есепшінің заңсыз әрекеті әшкере болды. Олар бюджеттен 2021 жылдан бері 26,7 млн теңгені қолды қылған.  

Тағы бір қылмыс әлеуметтік салада тіркелген. 2 жыл бойы өңірдегі жұмыспен қамту бөлімінің мамандары 80 млн теңгеден аса қаражатты жымқырған. Қаржы мүгедектерді жеткізу қызметіне бөлінген. Бұл қылмыстар бойынша ұрланған бюджет қаржысы толық мемлекетке қайтарылды. Істер сотқа жіберілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама