Су тасқынынан зардап шеккендер көмексіз қалмайды
Елімізде жергілікті бюджеттерден төтенше жағдайға 26 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
(Су тасқынынан зардап шеккендерге қаржыны бөлу мәселесі) жергілікті бюджеттен пысықталады. Онда бұл қаржы бар. Қазақстан бойынша жергілікті бюджетте төтенше жағдайға 26 млрд теңге қарастырылған. Бұл ақша әкімдіктерде. Аталған қаржы жетіспесе, бізде Үкіметтің резерві бар. Одан біз ақшаны тағы бөлеміз, - деді Мәди Тәкиев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.
Министр су тасқынынан зардап шеккендер көмексіз қалмайтынын атап өтті.
Айта кетейік, кеше ТЖМ су тасқынынан 15 мыңнан аса адам құтқарылғанын хабарлаған еді. Сондай-ақ Өнеркәсіп және құрылыс министрі су тасқынынан қираған әрбір үйді салуға 22 млн теңге қарастырылғанын айтты.