×

Абай облысында аудан әкімдігі 714 млн теңгені заңсыз жұмсамақ болған

Прокуратура конкурстың күшін жойды

 Динара Амантай 02.04.2024 | 11:36
Фото: Halyq Uni

Аудан прокуратурасы жалпы құны 714 млн теңге болатын жолды орташа жөндеу бойынша 2 жылдық конкурстың күшін жойды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұл ретте бір жылдан астам мерзімге шарт жасасу негіздері көрсетілген «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының талаптары бұзылған. Тапсырыс берушіге шартты орындау мерзімін ұлғайту қаржылық тұрақтылық көрсеткішіне негізделген әлеуетті өнім берушінің қатысуын шектеген.

Прокурордың наразылығы бойынша аудан әкімдігі конкурстың күшін жойды. Қазір конкурс құжаттарын 1 қаржы жылына жариялау мақсатында Заң талаптарына сәйкестендіріліп жатыр.

Бизнестік кедергіні жою кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін кеңейтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама