Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында аудан әкімдігі 75 млн теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алу өткізбек болған

Кінәлі лауазымды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды

 Динара Амантай 01.04.2024 | 10:45
Ақмола облысында аудан әкімдігі 75 млн теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алу өткізбек болған
Фото: Halyq Uni

Ерейментау аудандық прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң нормаларын сақтау бойынша талдау жүргізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аудан әкімдігі заңнама талаптарын бұза отырып, веб-порталда жалпы көлемі 75 млн теңгеге 5 дана су тарату пункттерін (біреуінің орташа бағасы – 15 млн теңге) сатып алуды жоспарлаған. Бұл сатып алу заңсыз «бір көзден», яғни бәсекелестік ортадан тыс, тікелей шарт жасасу арқылы жоспарланған.

Сонымен қатар, интернет желісіндегі хабарландырулар мониторингі барысында тауар данасының орташа бағасы 9,3 млн теңге екені анықталды. Бұл – белгіленген бағадан 5 млн теңгеге арзан (үнемдеу жиынтығы 29 млн теңге болды).

Қадағалау актісімен жоғарыда көрсетілген сатып алудың күші жойылып, кінәлі лауазымды тұлға заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, Ерейментау ауданы прокуратурасы 75 млн теңге көлемінде заңсыз сатып алулардың алдын алды және бизнес субъектілеріне ашық конкурсқа бәсекелестік қолжетімділік қамтамасыз етілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама