Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда кедейлік деңгейі төмендемеді - ЕАЭО статистикасы

Ал орташа жалақы мөлшері өскен

 Ербол Тұрымбет 31.03.2024 | 13:13
Қазақстанда кедейлік деңгейі төмендемеді - ЕАЭО статистикасы
фото: Halyq Uni

Еуразиялық экономикалық комиссия 2018-2022 жылдардағы Еуразиялық экономикалық одақ халқының өмір сүру деңгейі туралы статистикалық жинақты жариялады.

2021 жылмен салыстырғанда, 2022 жылы ЕАЭО-ның барлық елінде орташа айлық жалақы өсіп, мынадай болған:

  • Арменияда – $541
  • Беларусьте – $623
  • Қазақстан – $673
  • Қырғызстан – $316
  • Ресей – $969

Кедейлік деңгейі төмендеген:

  • Арменияда 1,7 п.п.
  • Беларусьте – 0,2 п.п.
  • Қырғызстанда – 0,1 п.п.
  • Ресейде – 1,2 п.п.

Қазақстанда өзгеріссіз қалды.

Айына жан басына шаққандағы өмір сүру құны Қырғызстанда 7,3 мың сом (86 доллар) мен Ресейде 13,9 мың рубль (198 доллар) аралығында болды.

Үй шаруашылықтары шығыстарының құрылымында ең көп үлес азық-түлікке тиесілі. Ол Ресейдегі 32,9% бен Қазақстанда 51,2% аралығын қамтыды.

Көлік, ақпарат және байланыс бойынша Арменияда 2,9%-дан Ресейде 18,7%-ға дейінгі аралықта болды.

Шығын құрылымындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен отынның үлесі Қазақстанда 7,3%-дан Арменияда 19,9%-ға дейін өзгерді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама