Halyq Uni логотип
×

Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді

Оған 14 млн теңге айыппұл салынды

 Халық үні 28.12.2021 | 11:31
Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының үкімімен Түркістан облысы Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Айкен Темір ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының («Алаяқтық») 3-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 14 000 000 теңге көлемінде айыппұлға сотталды.

Естеріңізге сала кетейік, Айкен Темір Түркістан облысы Бәйдібек би ауданында фронт – офис құрылысының шарты бойынша 22 184 000 теңге сомасына ақша қаражатын аударғаны үшін ЖШС директорынан алаяқтық жолмен 1 000 000 теңге сомасында ақша қаражатын алды деп күдіктенген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама