Павлодар облысында монополистер берілмеген ыстық суға төлемақы есептеген
Прокуратура 20 мыңнан аса тұрғынның құқығын қорғады
Павлодар облысының прокуратурасы «Павлодарэнергосбыт» ЖШС және «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС монополистердің жаз мезгілінде берілмеген ыстық су үшін абоненттік төлемақыны есептегенін анықтады.
Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша Павлодар және Екібастұз қалаларының 20 мыңнан астам тұрғынына қызметтер құнын төмендету жағына қарай қайта есептеулер жүргізілді. Бұл қаржы наурыздағы түбіртектерінде көрсетілетін болады.
Табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.