Halyq Uni логотип
×

Несие алу қиындайды: Мәжіліс жаңа заң жобасын мақұлдады

3 ай бойы қарызын төлемегендерге тұтынушылық несие берілмейді

 Дәурен Ерболат 20.03.2024 | 14:00
Несие алу қиындайды: Мәжіліс жаңа заң жобасын мақұлдады
фото: Halyq Uni

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Депутаттар заңға мынадай түзетулерді енгізді:

  • 2026 жылға дейін қазақстандықтардың банк несиесі мен микронесие бойынша қарызын коллекторлық агенттіктерге сатуға мораторий енгізу;
  • Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Ұлттық банктің бірлескен нормативтік-құқықтық актісімен банктік қарыздар мен микронесиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін айқындау;
  • Банк омбудсменіне тек банк қарыздары бойынша дауларды қарау жөніндегі өкілеттіктерді бекіту және жеке тұлғалардың микронесиелері бойынша дауларды қарау бойынша құзырет беріп, микроқаржы омбудсмені институты енгізіледі.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев заңға жылыту маусымында жалғыз баспанасынан шығарып тастауға болмайтындардың тізіміне 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар тұратын отбасыларды қосуға қатысты норма енгізуді ұсынды.

Банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін іске асыратын ұйымға жұбайының келісімінсіз жеке тұлғаға банктік қарыз беруге тыйым салу көзделген. Бұл ретте келісімді талап ететін банктік қарыздың тәртібі және ең төменгі сомасы уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде айқындалады, - деді депутат.

Ол әскери қызметшілерге мерзімді әскери қызметті өткерудің барлық кезеңінде банктік қарыз немесе микронесие бойынша төлемдерді кейінге қалдыру процесі автоматтандырылатынын жеткізді.

Сондай-ақ заң жобасында 90 күннен астам төленбеген берешегі бар қазақстандықтарға кепілсіз тұтынушылық несие беруге, сондай-ақ 90-нан астам мерзімі өткен қазіргі берешектеріне сыйақы есептеуге тыйым салатын нормалар бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама